“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қазақстандық футболшы жалақысының көлемін айтты

04.09.2024, 22:10

Бағдат Қайыров ұлттық құрама сапында 17 матч өткізген

Қазақстандық футболшы жалақысының көлемін айтты
Видеодан кадр

Футболдан Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбе» клубының қорғаушысы Бағдат Қайыров өз командасындағы футболшылардың шамамен қанша айлық алатынын атады.

Қазақстандық футболшы Нұрсұлтан Құрманның подкастында қонақта болып, жалақы жайлы сауалға да жауап берген. Ойыншының сөзінше, нақты соманы айтуға болмайды.

«Айына 10 миллион теңге деген айлық алып көрген жоқпын. Айлық негізінен ойыншының әлеуетіне қарап берілетін шығар. Егер ол жас, бірақ оны шетелге сатып, пайда көруге болатын болса, ол да ескеріледі. Кейбір ойыншылардың тәжірибесіне қарайды», - деді ол.

Тілші «Сенің айлығың 5 миллион теңгеге де жетпей ме?» деп нақтылағында, футболшы «Жоқ, ондай айлық алмаймын» деп жауап берді.

Айта кетейік, Бағдат Қайыров ұлттық құрама сапында 17 матч өткізіп, бірақ Норвегия мен Словения құрамаларына қарсы кездесулерге шақыртылған жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам