Ризабек 97 келіге дейін салмақта белдесті
Испанияның Понтеверде қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатына Ризабек Айтмұқан топ жарды.
Ризабек 97 келіге дейін салмақта белдесті. Финалда әзербайжандық Хетаг Карсанов ойсырата жеңді. Қорытынды есеп -10:0.
Отандасымыз кеше жарьылай финалда ол америкалық Джастин Рэйдмахерді 9:1 есебімен ұтқан болатын.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан былтыр 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Содан кейін арада бір ай өткенде ол ересектер арасында әлем чемпионатында топ жарды. Ол уақытта отандасымыз 92 келіде бақ сынаған еді. Бұл жолы Ризабек 97 келіде белдесті.