“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Роналду Португалияға жеңіс сыйлап, кезекті рекордын орнатты

09.09.2024, 09:18

Португалия өз тобында көш бастады

Роналду Португалияға жеңіс сыйлап, кезекті рекордын орнатты
Sylvain Dionisio ATPImages/Getty Images

УЕФА Ұлттар лигасының A тобында өнер көрсетіп жатқан Португалия құрамасы топтық кезеңдегі екінші ойынын өткізіп, Шотландияны жеңді. Лиссабонның «Эштадиу да Луж» стадионында өткен матч 2:1 есебімен аяқталды.

Есепті жетінші минутта қонақтар ашты: Скотт Мактоминайдың соққан голына бірінші таймда португалдықтар жауап бере алған жоқ. Есесіне, екінші таймда Бруно Фернандеш есепті теңестірсе (54-минут), 88-минутта Криштиану Роналду Португалияға жеңіс сыйлады.

Айта кету керек, әйгілі Роналду алаңға тек екінші таймда ғана шықты. Осылайша ол 48 түрлі ұлттық құрамаға гол соғып, жаңа рекорд орнатты. Ал, Португалия үшін соққан голдарының саны 132-ге жетіп отыр.

Осы жеңісінен кейін Португалия құрамасы A лигасының бірінші тобында алты ұпаймен көш бастады. Бұған дейін Роналдудың командасы хорваттарды да дәл осындай есеппен жеңген болатын.

Еске салайық, Ұлттар лигасында ойнап жатқан Қазақстан құрамасы бүгін Словенияға қарсы ойнайды. Бірінші матчта Черчесов шәкірттері Норвегиямен тең түскен еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам