Ол 20 матчта небәрі 2 гол соққан
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы болған Артур Шушеначев Израильдің «Хапоэль Беэр-Шева» клубынан Ресейдің «Сочи» клубына ауысты. Бұл туралы «ФНЛ с Ильевым» телеграм-каналы жазған.
«Қалталылар тоқтатйны емес: «Сочи» «Хапоэль Беэр-Шевадан» форвард Артур Шушеначевті (189 см) алды. Оны таныстырып қойды. Трансфермаркт мәліметінше, оны аренда негізінде алған. Владимир Писарскиге бәсеке», - деп жазылған аталған хабарламада.
Шушеначев «Қайраттан» «Хапоэль» сапына 2024 жылдың ақпан айында ауысты. Ол израильдік клубтың қатарында 20 ойын өткізіп, небәрі екі гол соқты.
«Сочи» болса РПЛ-де қазір тоғыз турдан кейін 14 ұпаймен бесінші орында келеді. Клубты испан маманы Роберто Морено жаттықтырады.