“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Месси ұзақ үзілістен кейін футболға қайта оралып, командасына жеңіс алып келді (ВИДЕО)

15.09.2024, 11:01

Ол 14 шілдеден кейін алаңға шықпаған еді

Месси ұзақ үзілістен кейін футболға қайта оралып, командасына жеңіс алып келді (ВИДЕО)
Getty Images

«Интер Майами» клубының даңқты шабуылшысы Лионель Месси ұзақ үзілістен кейін командасына қайта оралып, дубль авторы атанды. МЛС чемпионатының кезекті турында Мессидің клубы өз алаңында «Филадельфия Юнионмен» кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Қонақтар небәрі екінші минутта есеп ашқан. Дәл соққысымен Микаэль Уре көзге түсті. Дегенмен, «Интер Майами» бұған үш голмен жауап беріп, сенімді жеңіске қол жеткізді. 26-минутта Луис Суарес есепті теңестірсе, 30-шы және 90+8 минутта Лионель Месси екі гол соқты.

Еске салайық, Лионель Месси 14 шілдеден бері алаңға шықпаған. Ол Америка кубогінің финалында аяғынан жарақат алып, ем қабылдады.

«Интер Майами» болса 28 матчтан кейін 62 ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастап келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам