“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«40 жасына сыйлық». Криштиану Роналдудың суреті салынған монета шығарылады

15.09.2024, 19:03

Жанкүйерлер Роналдудың 40 жасына тамаша сыйлық болатынын жарыса жазуда

«40 жасына сыйлық». Криштиану Роналдудың суреті салынған монета шығарылады
x.com/FootballFactly

Әлеуметтік желіде Португалияда Криштиану Роналдудың бейнесі бар монетаны шығару жоспарланып жатыр деген ақпарат тарады. Футболшының бейнесі 7 еуроға салынады.

Бұл тиынның коллекциялық монета ретінде шығарылып, Еуропада кеңінен қолданылмайтыны анық. Дегенмен, португалдықтар мұндай ерекше идеяны Криштианудың мақұлдайтынына сенімді. Жанкүйерлер Роналдудың 40 жасына тамаша сыйлық болатынын жарыса жазуда.

Еске салайық, 2025 жылдың ақпан айында Португалия құрамасының және “Әль-Наср" клубының капитаны Криштиану Роналду 40 жасқа толады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам