Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қырғыз футболында қазақтарға қарағанда көзбояушылық жоқ – Ресей маманы

18.09.2024, 09:07

Кезінде МЮ-де ойнаған маман Орта Азияның бірнеше клубында жұмыс істеді

Қырғыз футболында қазақтарға қарағанда көзбояушылық жоқ – Ресей маманы
Тобыл ФК

Англияның «Манчестер Юнайтед» клубының шабуылшысы болған, ресейлік ардагер футболшы Андрей Канчельскис Орталық Азия футболын салыстырды.

Ол былтыр Қостанайдың «Тобыл» клубының директоры болған. Кейін Қырғызстанның «Мурас Юнайтед» клубында жұмыс істеді. Сондықтан екі елдің футболынан хабары бар.

«Қырғызстан футболының Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан деңгейі төмен екені рас. Дегенмен жергілікті лига дамып келеді. Жаңа стадион салынып жатыр. Инфрақұрылымда жаңа бетбұрыс бар. «Барселона» өз академиясын ашты. Ақырындап қадамдар жасалуда. Бір жақсысы, олар көзбояушылықсыз істейді. Қырғыздардың жұмысы шынайы», - дейді Андрей Канчельскис Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында.

Ресейлік маман былтыр Қостанайдың «Тобыл» клубында директор болған. Бірақ маусым соңында клуб қожайыны Әлімжан Қалдияр оны жұмыстан шығарып жіберген. Осыдан кейін ол ФИФА мен УЕФА-ға арыз түсірген болатын. Дегенмен, ешқандай шешім қабылданған жоқ.  Айтуынша, клуб қожайындары маманмен келісімшартты еш ескертусіз бұзған. Канчельскис Әлімжан Қалдиярды футболдан мүлде бейхабар деп айыптаған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам