Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Футбол федерациясының бұрынғы басшысы түрмедегі тірлікті айтып, сәлем жолдады

18.09.2024, 17:28

Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазған

Футбол федерациясының бұрынғы басшысы түрмедегі тірлікті айтып, сәлем жолдады
ҚФФ

Биылғы жылдың басында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен Астананың тергеу изоляторында отырған Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшысы, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің бұрынғы төрағасы Ерлан Қожағапанов темір тордағы мәселелерді жеткізді.

Оның президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жазған хатын танымал журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-дағы арнасында жариялады.

Қожағапановтың сөзіне қарағанда, ол есірткі саудасына қатысты күдікпен темір торға тоғытылғандардың санынан шошыған. Экс-шенеунік тергеу изоляторлары мен колониялар есірткі саудасы бойынша күдікке іліккендермен толған деп отыр.

«Менімен бір немесе көрші мекемеде отырғандардың 25 пайызын 14-20 жас аралығындағы жастар құрайтынын сауалнама нәтижесі көрсетті. Ал олардың барлығын ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы біріктіреді. Көпшілік оларды «закладчик» деп атайды. Қай-қасысынан сұрасаң да, олардың ешқайсысы әрекеті үшін қандай жаза тағайындалатынын білмеген, оның себебі түсінікті. Қалай дегенмен оң-солын танымаған жастар оңай әрі тезірек олжаға кенелгісі келеді. Бұл халық арасында түсіндіру жұмыстарының нашар екенін аңғартса керек. Одан қалды жастарымыз мұндай әрекетке жақсы өмірден бармайтыны да белгілі», - деп жазған Қожағапанов.

Сондықтан ол мемлекет басшысына заңнамаға өзгеріс енгізіп, курьерлер мен есірткі тасымалдаушылардың жазасын жеңілдетуді, ал бар күшті есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға, әсіресе шетелдік жеткізушілермен күреске бағыттауды ұсынған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам