Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

20.09.2024, 10:04

Өзбекстан болса өз жеріндегі жарыста жүлдесіз қалуы мүмкін

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турынан соң 1/8 финалға өтті.

Біріншілік ережесіне сәйкес плей-оффқа әр төрттіктен алғашқы екі команда және үштікке енгендер арасында үздік көрсеткішке ие болған төрт команда жолдама алады.

Ливия құрмасын 4:1 есебімен жеңген Қазақстан D тобында төрт ұпаймен екінші орын алды. Енді үшінші тур нәтижесіне қарамастан Қазақстан осы орнын сақтап қалады.

Үшінші орын жолдамасына таласатындар арасында құрамамыз жоғары орында тұр. Дәл қазір оз топтарында үшінші орында келе жатқан үш командада ғана ұпай бар, яғни төртінші команда төрт ұпайдан артық ұпай еншілей алмайды деген сөз.

Үшінші тур алдында үшінші орында тұрған құрамалардың кестедегі жағдайы:

  • Ливия - 3 ұпай
  • Украина - 3 ұпай.
  • Өзбекстан - 1 ұпай
  • Хорватия, Тәжікстан, Гватемала – ұпай жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам