«Манчестер Сити» соңғы үш ойында тең ойнап, төртіншісінде жеңілді
Ағылшын Премьер-лигасының 15-турында жарыс фавориті «Манчестер Сити» кезекті рет ұпай жоғалтты. Сырт алаңда «Астон Вилламен» ойнаған Гвардиола шәкірттері 0:1 есебімен есе жіберді.
Матчтың 74-минутында алаң иелері сапынан Леон Бэйли есеп ашқан. Таблодағы есеп ойын соңына дейін өзгеріссіз қалды.
Осылайша, биыл турнирді ерекше қарқынмен бастаған «Астон Вилла» 32 ұпай жинап, «Манситиді» үшінші орыннан төртіншіге ығыстырды. Көш басында 36 ұпай жинаған «Арсенал» тұрса, «Ливерпуль» екінші орынға жайғасқан (34 ұпай).