Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Манчестерге сатпаймыз – «Зенит» Нұралы Әліптің клубтан кетпейтінін мәлімдеді

07.12.2023, 09:03

Қазақ футболшысының МЮ-ге ауысуы мүмкін екені жалған ақпарат болып шыққан

Манчестерге сатпаймыз – «Зенит» Нұралы Әліптің клубтан кетпейтінін мәлімдеді
"Зенит" ФК

Ресейдің «Зенит» клубында ойнатын қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпке қатысты клуб тарапы шешім қабылдады. «Спорт Экспресс» басылымының жазуынша, қазақстандық легионердің еуропалық клубтардың біріне ауысуы туралы қауесеттен кейін «Зенит» бірнеше қорғаушысының әзірге сатылмайтынын мәлімдеген. 

Алдағы уақытта Дуглас Сантос, Вилмар Барриос, Клаудиньо, Маттео Кассьерру және Нұралы Әліп бастаған қорғаушылар клуб сапында қала беретіні белгілі болып отыр.

Қазіргі уақытта петербургтік клубтың алдында жалғыз мақсат бар. Ол – Ресей чемпионаты мен Кубогында топ жару. Ресей премьер лига ойындарының 30 турынан кейін «Зенит» 70 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейінгі орынға жайғасқан мәскеулік ЦСКА 58 ұпай иеленген. 

Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп 2022 жылы «Зенитке» жалға берілген еді. Кейін клуб басшылығы отандасымызды сатып алып, негізгі құрамға қосты. Ол 22 ойын өткізіп үлгерген.

Таяуда Н.Әліптің әйгілі «Манчестер Юнайтедке» ауысатыны туралы қауесет тараған болатын. Кейіннен аталған жағдайдың агенттер арасында өзара ақпараттық ойын болуы мүмкін екені туралы болжам айтылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам