Клуб турнир кестесінің ең соңғы сатысында келеді
Түркияның «Адана Демирспор» клубында ойнайтын қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов соңғы бірнеше матчта алаңға шыққан жоқ. Футболшының агенті саналатын румыниялық маман Траян Гергишан мұның себебін түсіндірді деп жазады SPORT+.
Оның айтуынша, Абат аяғынан жарақат алып, қазір емделу процесінен өтіп жатыр. Клуб бапкері мен басшылары оның қалыпқа келуін жылдамдатпай, саты-сатымен өтуін мақұл көрген. Яғни, бас бапкер оған үлкен үміт артып отыр дейді агент.
Абат Айымбетовтің түркиялық клубқа ауысуына Траян Гергишан себепкер болған. Биылғы маусымда қазақ футболшысы «Адана Демирспор» сапында небәрі үш ойын өткізіп, бірде-бір гол соққан жоқ. Клуб небәрі 1 ұпаймен турнир кестесінің ең соңғы сатысында келеді.