Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Marca «Алтын допты» кім алатынын мәлімдеді

24.09.2024, 13:21

Сыйлық футболшыға ерекше нәтижелері үшін 28 қазан күні табысталады

Marca «Алтын допты» кім алатынын мәлімдеді
Getty Images

«Реал Мадрид» клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниор «Алтын доп» иесі атанады. Бұл туралы беделді Marca басылымы жазды.

Дереккөз мәліметінше, бұл сыйлық футболшыға ерекше нәтижелері үшін 28 қазан күні табысталады.

Былтырғы маусым қорытындысы бойынша Жуниор «Реал» сапында Испания чемпионатында жеңіске жетіп, ел Суперкубогында үздік шықты, сонымен қатар Чемпиондар лигасында топ жарып, УЕФА суперкубогының иесі атанды.

Винисиус Жуниордың жасы 24-те. 2023/24 маусымда ол Мадрид клубының сапында барлық турнирде 39 матчқа қатысып, 24 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt оның нарықтағы құнын 180 млн еуроға бағалаған. Оның «Реалмен» келісімшарты 2017 жылғы 30 маусымға дейін есептелген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам