Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қуат Хамитов қай футбол клубтарын қаржыландыруға болатынын айтты

29.09.2024, 09:31

Бұған дейін ол футболға мүлдем қаржы бермеу керектігін айтып келген еді

Қуат Хамитов қай футбол клубтарын қаржыландыруға болатынын айтты
instagram.com/kuat__khamitov

Күні кеше кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті бастаған аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов Қазақстанның қай футбол клубтарын қаржыландыруға болатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Қуат Хамитов отандық футболды өткір сынап, халық ақшасын аталған спортқа бермеуді талап етіп келген еді. Енді оның ойы өзгере бастаған секілді.

«Мен қаржыландыруды түгел тоқтатпай, тек оны әділетті жасар едім. Қазақстан мен шетелде жақсы нәтиже көрсеткен үш клубты ғана мемлекет тарапынан қаржыландырушы едім», - деді Хамитов.

Айта кетейік, 28 қыркүйекте Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде Қуат «Найман» Хамитов тағы бір файтер Нұрберген Шәріппен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам