Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Месси командасын тағы да жеңілістен құтқарды (ВИДЕО)

29.09.2024, 08:53

«Интер Майами» турнир кестесінің бірінші сатысында келеді

Месси командасын тағы да жеңілістен құтқарды (ВИДЕО)
Getty Images

Аргентиналық даңқты футболшы Лионель Месси өнер көрсететін «Интер Майами» клубы МЛС чемпионаты аясында «Шарлотт» командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасты.

Бірінші таймда жанкүйерлер соғылған гол көрген жоқ. Ал, 57-минутта қонақ команда сапынан Кароль Свидерски есеп ашып, «Шарлотты» алға шығарған. Алайда, араға он минут салып Лионель Мессидің өзі есепті теңестірді және командасы кезекті рет жеңілістен құтқарды.

Чемпионатта 65 ұпай жинаған «Интер Майами» Шығыс конференциясында көш бастап келеді. «Шарлотт» болса 42 ұпаймен жетінші орынға тұрақтаған.

Енді 3 қазанда Мессидің командасы сырт алаңда «Коламбуспен» ойнайды. «Шарлотт» болса осы күні өз алаңында «Чикагоны» қабылдайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам