Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Жеңіс» пен «Астана» жанкүйерлері Қарағандыда төбелесіп қала жаздады

30.09.2024, 10:20

Бір топ адам жанжалдасып, соңы атысқа ұласқан

«Жеңіс» пен «Астана» жанкүйерлері Қарағандыда төбелесіп қала жаздады
Видеодан кадр

Қарағандыда «Жеңіс» пен «Астана» клубтарының матчынан соң жанкүйерлер арасында дау туындады. Бұл жайттың видеосы желіде тараған.

Кадрдан бір топ ер адамның өзара ерегесіп жатқанын көруге болады. Сонымен қатар көп ұзамай атыс болған. Видеоның жазбасында «Жеңіс» пен «Астана» клубтары Қарағандыда атыс ұйымдастарды» делінген. 

Бұл жайтқа қатысты Қарағанды облыстық Полиция департаменті де мәлімдеме жасап, оқты аспанға күзет фирмасының қызметкерлері атқанын алға тартты. Кикілжің кезінде ешкім зардап шекпеген.

«Екі футбол клубының жанкүйерлерін автобусқа отырғызу кезінде өзара кикілжің туындаған. Дауды тоқтату үшін күзет фирмасының қызметкері ауаға оқ атуға мәжбүр болған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға жедел түрде шешіліп, тәртіпсіздіктерге жол берілген жоқ», - делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, 29 қыркүйек күні «Жеңіс» пен «Астана» Қазақстан премьер-лигасының 18-туры аясында кейінге шегерілген матчты ойнап шықты. Қарағандыда өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам