Қазір ол сынақтан өтіп жатыр
Футболдан Бразилия құрамасымен әлемнің екі дүркін чемпионы болған әйгілі Роналдо Луис Назарио бүгінде Испанияның «Вальядолид» клубына иелік етеді. Аталған команда қазақтың жас футболшысы Мұхамед Еңсебаевты қатарына қосуды қарастырып жатыр.
Қазіргі таңда Еңсебаев клуб базасында сынақтан өтіп жатыр. 14 желтоқсанға дейін Роналдо мен клубтың өзге де менеджерлері оны бақылайтын болады.
Сынақ мерзімі аяқталған соң қазақстандық жас футболшының испаниялық клуб құрамында қалуына мол мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта аталған клуб Испания Премерасына оралу үшін ұпай иелену жолында барын салып жатыр. Алда-жалда Мұхамед Еңсебаев Роналдоның көңілінен шықса, испан чемпионатында доп тепкен алғашқы қазақ футболшысы атануы бек мүмкін.