Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Ертіс» жаңа маусымда Бірінші лигада өнер көрсетеді

02.10.2024, 09:51

Павлодарлық клуб былтыр қайта құрылған болатын

«Ертіс» жаңа маусымда Бірінші лигада өнер көрсетеді
Ертіс ФК

QFL Екінші лигасының кезекті маусымы аяқталды. «Солтүстік-Шығыс» конференциясында Ertis клубы топ жарды. Шешуші 22-ші турда команда сырт алаңда «Қызылжар» жастарын 0:3 есебімен жеңді. Команда сапында Жасұлан Қайыркенов гол соғып, Арман Смайылов дубль авторы атанды.

Павлодарлықтар осы маусымда 18 жеңіс, 2 тең, 2 жеңіліс көрсеткішін тіркеді. Барлық ойындардың қорытындысы бойынша, Николай Гавриш шәкірттері 56 ұпай жинап, қарсылас қақпасына 70 гол соққан. Сонымен қатар, клуб шабуылшысы Арман Смайылов 19 голмен «Солтүстік-Шығыс» конференциясында үздік сұрмерген атанды.

Айта кетейік, өткен жылы қайта жаңғырған бес дүркін Қазақстан чемпионы, алғашқы маусымында-ақ QFL Екінші лигасында қарсылас шақ келтірмеді. Осылайша, команда 2025 жылы Бірінші лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Ал «Солтүстік-Шығыс» конференциясында екінші орын «Шахтер» жастарына бұйырса, үштікті «Астана» жастары түйіндеді.

QFL Екінші лигасы 9 сәуір мен 1 қазан аралығында өтті. Бұған дейін «Оңтүстік-Батыс» конференциясында алматылық AKAS бірінші рет чемпион атанған еді. Ал күміс медальді «Жас Қыран» алса, «Оңтүстік» клубы қола жүлдеге қол созды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам