Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Ақтөбе» – «Атырау» матчында даулы пенальти мәселесіне нүкте қойылды

02.10.2024, 16:43

«Атырау» ойыншылары матч төрешілерінің шешімімен келіспей, олар айыптап отыр

«Ақтөбе» – «Атырау» матчында даулы пенальти мәселесіне нүкте қойылды
Ақтөбе ФК

ҚФФ жанындағы Төрешілік сараптамалық комиссия Қазақстан кубогінің финалындағы даулы пенальтиге байланысты тексеру жүргізіп, қорытындысын жариялады. 

«Ақтөбе» мен «Атырау» арасындағы матчтың 89-минутында арбитр атыраулықтар қақпасына 11 метрлік айып добын белгілеп, бұл гол ойын тағдырын шешкен болатын. Алайда, пенальтимен тек «Атырау» командасы емес, әлеуметтік желі қолданушыларының көбі келіспейтінін әлі жазып жатыр. «Төреші ақтөбеліктерге болысты, бұра тартты» деген пікірлер көп.

Осыған байланысты Төрешілік сараптамалық комиссия тексеруді өзі жүргізді және пенальтидің ереже аясында белгіленгенін мәлімдеді.

«Бұрыштан доп көтерілген кезде «Атыраудың» N25 ойыншысы «Ақтөбенің» N44 ойыншысының жейдесінен ұстап тартып, оның допқа таласуына мүмкіндік бермеген. Видеоқайталауды көргеннен кейін судьяның дұрыс шешім қабылдағанына көзіміз жетті», - делінген аталған мәлімдемеде.

Еске салайық, аталған матч 2:1 есесібен ақтөбелік клубтың жеңісімен аяқталды. Ойынның 89-минутына дейін «Атырау» 1:0 есебімен алда тұрған. Алайда, қарсылас команда алдымен пенальтиді сәтті жүзеге асырып, артынша бір минуттан кейін жеңіс голын соқты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам