Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Реал» капитаны ауыр жарақат алды

06.10.2024, 11:55

Ойын тоқтатылып, Карвахальді дәрігерлер алып кетті

«Реал» капитаны ауыр жарақат алды
Getty Images

Мадридтік «Реал» клубының испаниялық қорғаушысы Дани Карвахаль «Вильяреаллға» қарсы матчта ауыр жарақат алып қалды.

Ла лиганың 9-туры матчының соңында испаниялық допты тебемін деп, қарсыласына тиіп кетті. Сонан соң ол газонға құлады. Ойын тоқтатылып, Карвахальді дәрігерлер алып кетті.

«Аяғымның ауыр жарақаттанғаны расталды, енді операция жасалып, бірнеше ай бойы алаңға шыға алмаймын. Тезірек өз қалпыма келсем деп үміттенемін», - деді «Реал» капитаны бірнеше сағаттан соң.

Бұл матчта «корольдік» клубы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің 14-минутында Вальверде мергендік танытса, 73-минутта Винисиус Джуниор есепті еселеді.

32 жастағы Карвахаль Мадрид клубының сапында 2013 жылдан бері ойнайды. Осы уақыт аралығында команда алты рет Чемпиондар лигасында, төрт рет Испания чемпионатында топ жарды. Қорғаушының нарықтағы құны 12 миллион еуро.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам