ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

«Ешқандай трагедия болған жоқ». Парфенов «Ақтөбеден» не үшін кеткенін түсіндірді

08.10.2024, 11:02

Бапкер команда тізгінін 2023 жылғы желтоқсанда алған

«Ешқандай трагедия болған жоқ». Парфенов «Ақтөбеден» не үшін кеткенін түсіндірді
avestnik.kz

Ресейлік маман Дмитрий Парфенов «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінен неліктен кеткенін түсіндірді. «Россия 24» арнасына берген сұхбатында ол өңір басшылығымен жақсы қарым-қатынаста қалғанын алға тартты.

Бапкер команда тізгінін 2023 жылғы желтоқсанда алған, дегенмен 2024 жылғы 31 тамызда отставкаға кетті.

«Негізі чемпионаттың аяқталуына бірнеше тур ғана қалды, команда Кубокты ұтып алды, чемпиондық атақ үшін күресті жалғастырып жатыр. Белгілі бір жайттар бар, одан қалды «Елімайдан» өз алаңымызда жеңілгеніміз әсер еткен шығар. Соған қарамастан кестенің көш басында тұрған «Қайраттан» бір ғана ұпай қалып келе жаттық. Ешқандай трагедия болған жоқ, бес тур ғана қалды. Әлгінде айтқанымдай, осындай шешім қабылдауыма әсер еткен жайттар болды.

Меніңше, кез келген жағдайды жеке қарастыру керек, бәріне бірдей баға беруге болмайды. Осылай дұрыс сияқты. Бір айтарым, облыс басшылығымен, әкіммен жақсы қарым-қатынастамыз, байланыстамыз, команданы қолдау үшін Қазақстан кубогына барып келдім. Басшылық мені де құттықтап, бұл жеңісте менің де үлесім бар екенін айтты. Бірақ осындай шешім қабылдауыма белгілі бір себептер әсер етті», - деді Парфенов.

Қазіргі уақытта «Ақтөбе» Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде 37 ұпаймен екінші орында келеді. Команданың көшбасшы «Ордабасыдан» 2 ұпайы кем.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам