Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Мадагаскар мен Танзанияның арасында тұр». Аустриялық БАҚ Қазақстан туралы не жазып жатыр

08.10.2024, 16:18

10 қазанда Аустрия Қазақстан құрамасын қабылдайды

«Мадагаскар мен Танзанияның арасында тұр». Аустриялық БАҚ Қазақстан туралы не жазып жатыр
instagram.com/kff_team

10 қазан күні Аустрия құрамасы Ұлттар лигасының үшінші туры аясында Қазақстан құрамасын қабылдайды. Екі командада әзірге бір ұпайдан ғана бар.

Аустриялық БАҚ бұл жолы жергілікті құрама Қазақстанды ұтып, маңызды үш ұпайға қол жеткізу керектігін жазып жатыр. Осы орайда Австриялық басылымдардың Станислав Черчесов баптайтын команда туралы жазбаларын бөлісуді жөн көрдік.

Der Standard басылымы мақаласын Қазақстанды кемсітуді бастапты.

«Қазақстан Мадагаскар мен Танзанияның арасында тұр, географиялық тұрғыда емес, әрине, футбол рейтингінде. Құраманың әлемдік рейтингіде 109-орында тұруы – бұл леп белгісі емес, сұрақ белгісі. Бейсенбі күні қазақтар Линцке ат басын бұрады, олар австриялықтардан келетін қатерді азайту үшін қоршау салуға тырысады», - делінген мақалада.

Сонымен қатар автор өз құрамасына вальстегідей жайбарақат емес, «хэви-металл» стилінде әрекет етуге кеңес берген:

«Қазақстанмен ойында бізге жаңадан ештеңе ойлап табудың қажеті жоқ. Бірақ қарсыластарымыздың жүйкесі біраз жұқаруы қажет, Қазақстанмен кездесуде бұл өз нәтижесін береді деп сенеміз».
Ал матчтарға сарап жүргізумен айналысатын Livetipsportal сайтын Қазақстанның соңғы ойындарда мардымды өнер көрсете алмағанын тілге тиек еткен. Статистика шынымен де көңіл көншітпейді:
«Қазақстан құрамасының жағдайы мәз емес. Соңғы бес ойында бір де бір жеңіс жоқ, небәрі бір тең ойын және төрт жеңіліс. Ұлттар лигасында Қазақстан әлі бір гол соққан жоқ және екі матчта үш голып жіберіп алды, сенімділікті арттыратын жағдай дей алмайсың».

Fussball-WM сайты құрамаларға жеке тоқталып, Қазақстанның Норвегиямен тең ойнағанын атап өткен. Алайда одан кейінгі нәтижелер мақтауға келмейді.

«Қазақстандықтар дебюттық ойынында өз алаңында Норвегиямен тең ойнап, бір ұпайға иелік етті. Есесіне екінші ойында Словенияға шамасы жетпеді. Есеп 0:3 болып тұрғанда, олардың гол соғуға еш мүмкіндігі болған жоқ. Австриямен матчта да олар аутсайдер болады. Сөйте тұра лигада қалу үшін олардың ұпайға таласатыны анық», - деп жазды автор.

Ал танымал Kicker журналында Аустрия құрамасының спорттық директоры Петер Шеттелдің сұхбаты жарияланып, онда ол Қазақстан негізінен қорғанысқа көбірек мән беретінін болжаған.

«Қазақстанмен ойында, Шеттелдің пікірі бойынша, қорғанумен болатын команданы алдап өту маңызды. Ол нақты жоспары бар екенін де айтты. Бізге табыс сыйлаған стильге басымдық беруіміз қажет», - деп жазды мақала авторы.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам