Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Әрбір тиынға есеп берілсін - Еділов ҚФФ басшылығын сынады

09.10.2024, 17:47

Ол жұмсалып жатқан қаражаттың да есебін беруді талап етті

Әрбір тиынға есеп берілсін - Еділов ҚФФ басшылығын сынады
ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің бұрынғы мүшесі Ербол Еділов федерацияның қазіргі жұмысын сынады.

Еділовтің айтуынша, ол ҚФФ басшылығының жүргізіп отырған саясатымен келіспейді. Соның ішінде ол легионерлерге лимитті алып тастау қате болғанын алға тартты. Бұдан бөлек жұмсалып жатқан қаражаттың да есебі берілсін деп отыр.

Құрамалар институты

«Футбол клубтары федерациядан тиын алады, сөйте тұра ҚФФ-ның бюджеті 9-10 миллиард теңгені құрайды. Одан қалды олар турнирлерге қатысқаны үшін қаражат төлейді, айыппұл арқалайды және бәрін бюджет қаражатымен жабады. Сондықтан құзіретте органдар тексеріс жүргізуі қажет деп ойлаймын. Әлі күнге дейін барлық жастағы құрамалар институтының жұмысында үлкен кемшілік бар».

Легионерлерге лимитті алып тастау

«Легионерлерге қатысты саясатқа назар аударыңыз: егер команда Премьер-лигаға шықса, онда ол легионерлермен ойнайды. Егер команда бірінші лигаға түсіп қалса, онда тек қазақстандықтармен ойнайды. Қазақстан кубогында Премьер-лига мен бірінші лига командалары кездессе, екеуінің күші бір-біріне сай келмейді».

Қарағандының «Шахтері» жайлы

«Бір кездері Әділет Барменқұлов басқарған Қарағандының «Шахтеріне» қатысты мәселе көп. Менде де, футбол қауымдастығында да. Оны сұхбатқа шақыру қажет».

ҚПЛ матчтарының трансляциясы жайлы

«Трансляция? Бассыздықтың бәрі сонда: QFL сайтында ойыншылардың алмасуы туралы ақпарат та жоқ, кім кімнің орнына, қашан шыққанын біле алмайсың, кейбір футболшылардың профилінде суреттері де жоқ. QJ League-тің қандай сапалы жұмыс істегенін қараңыздар».

Сапасыз алаңдар

«Бізде алаңдар сапасыз. Бұл бүгінгі жазбаға ғана қатысты дүине емес. ҚФФ бапкерлері мен қызметкерлерінің еңбекақысын төлейтін қорға қатысты сұрақтар бар.
Ол неге өзінің қылмыстық әлемге қатысты өткен өмірін БАҚ-тан жасырып жүр? Қоғам білгісі келеді».

ФИФА мен УЕФА қаражаты

«Футбол халыққа тиесілі және әрбір азамат қаражаттың қайда кетіп жатқанын білуге құқылы.
Антикор ФИФА мен УЕФА-ның қанша қаражат бөлгені туралы жазды. Олар әр тиынға жауап беруі тиіс. Бәрін рет-ретін айтып шықсын. Органдар федерация қызметін тексеруі қажет», – деді Еділов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам