Шымкенттік клуб оның жалақысын қысқартпақшы
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай орғаушысы Бауыржан Исламхан алдымыздағы қыста «Ордабасы» сапынан кетуі мүмкін деп жазады Vesti.kz. Футболшы биылғы маусымда жарытып ойнай алмай жүр.
Исламханның ойын нәтижесі расымен де көңіл көншітпейді. Ол биыл ҚПЛ-де «Ордабасы» сапында 16 матч өткізіп, небәрі бір гол соққан және үш нәтижелі пас берген. Сондықтан, Бауыржанға клуб басшылығы жаңа контракт ұсынғанда қазіргі алып жүрген жалақысынан аз ақша ұсынуы мүмкін.
Шымкенттік клуб басшылары Исламханның қажетті ойншы екенін жақсы түсінеді. Алайда, соңғы екі маусымда комананың негізгі ойыншылар алмасқан жоқ. Бас бапкер Кирилл Кекер болса жастарға көбірек мүмкіндік беруді көздеп отырған көрінеді.
Бауыржан Исламхан 2023 жылы «Ордабасымен» бірег Қазақстан чемпионы атанған. Бұған дейін ол «Қайрат, «Астана», «Тараз» клубтарының сапында қнер көрсеткен.