Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Черчесов Словениямен ойында шабуыл шебінде кім ойнайтынын айтты

12.10.2024, 22:18

Оның сөзінше, ұлттық құрамада мықты шабуылшылар жоқ

Черчесов Словениямен ойында шабуыл шебінде кім ойнайтынын айтты
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы өтетін матчы туралы айтты.

Станислав Саламұлы Абат Айымбетовтің жағдайына қатысты пікір білдіріп, Аустрияға қарсы ойында неге Айбар Жақсылықов алаңға шыққанын түсіндірді. 

«Шешконы қалай тоқтатамыз? Біз Аустрия құрамында Арнаутовичке де қарсы дайындалғанбыз. Шешко, Холланд пен Арнаутович – әр түрлі ойыншылар. Жаттығуларда кейбір нәрселерді байқап көрдік. Дұрыс жолын табамыз деп ойлаймын, қалай дегенмен біз бір ғана Шешкоға қарсы ойнайын деп тұрған жоқпыз ғой.

Екі шабуылшымен ойнау туралы айту үшін алдымен біреуін тауып алу керек. Гол салуға кепілдік бермей-ақ, тым құрыса шабуылда қажет әрекеттерді жақсы білетін шабуылшы керек. Жақсылықовты сынап көрдік, ол матчтарға тұрақты шығып тұрады, ол бабында болды. Абат қазір өзіне келді, оның аздап жарақаты бар еді. Айымбетов дайын, ертеңгі матчқа қатысады. Бірақ ойыншыларға клубтарда ойын тәжірибесі керек, әйтпесе ол қиын», - деді Черчесов.

Айта кетейік, Абат Айымбетов Түркияның «Адана Демирспор» клубында доп тебеді. Десе де, ол өткен маусымның негізгі бөлігінде қосалқы құрамда отырды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам