Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Бүгінгі матчтан кейін ресейлік Станислав Черчесов отставкаға кетуі мүмкін

13.10.2024, 11:37

Оның басшылығымен Қазақстан құрамасы бірде-бір гол соға алған жоқ

Бүгінгі матчтан кейін ресейлік Станислав Черчесов отставкаға кетуі мүмкін
Қазақстан футбол федерациясы

Мәскеудің «Спартак» және «Динамо» клубтарының директоры болған Юрий Заварзин «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов отставкаға кетуі мүмкін екенін айтты.

Соңғы бес айдан бері ұлттық құраманы Станслав Черчесов жаттықтырып жүр. Бейсенбі күні Черчесовтің бапкерлігімен Қазақстан құрамасы Аустриядан 0:4 есебімен жеңілді. Оның алдында Словениядан 0:3 есебімен ұтылса, Норвегиямен тең тарқасқан (0:0). Үш матчта да Қазақстан футболшылары бірде-бір гол сала алмады.

«Қазақстан құрамасының Аустриядан ірі есеппен ұтылуы – мені таң қалдырған жоқ. Норвегиямен тең түскеннен кейін-ақ бұлар енді ұпай алмайды деп айтқанмын. Меніңше, солай болады. Отставка да жақындап қалған сияқты. Словениямен ойыннан кейін кетуі мүмкін. Станиславтың таңдауы аз, ойыншылардың деңгейі төмен. Өзі де мінезі оңай адам емес. Футболшылары да сол шамалас», - дейді Заварзин.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Алматыда Словенияны қабылдайды. Ойын 18:00-де басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам