Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Магомед Адиев Станислав Черчесовтың жұмысына баға берді

14.10.2024, 02:05

Ұлттық құрама келер жылы Әлем чемпионатының іріктеуіне қатысады

Магомед Адиев Станислав Черчесовтың жұмысына баға берді
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасымен Ұлттар лигасының C дивизионында жеңімпаз болып, Еуропа чемпионатының жолдамасына бір табан жақын қалған ресейлік бапкер Магомед Адиев ұлттық құраманың қазіргі бас бапкері Станислав Черчесовтың жұмысына баға берді.

Айта кетейік, Черчесов бапкер болғалы Қазақстан құрамасы ресми төрт матч. Өткізіп, бірде-бірінде гол соға алған жоқ. Соңғы матчта өз алаңында Словениядан 0:1 есебімен жеңілді.

«Мен Қазақстан құрамасына әлі де жанкүйермін. Мен үшін бұл өте жаныма жақын команда. Біз футбол федерациясының президентімен сөйлескенбіз, менің ұстанымым сол кезден бері өзгеріссіз: Ұлттар лигасы арқылы әлем чемпионатының іріктеуіне құраманы дайындау керек. Иә, команданың қазіргі нәтижесі көңіл көншітпейді, бірақ қайта құру кезеңі жүріп жатыр, сондықтан бұл қалыпты құбылыс.

Бірінші кезеңде іріктеу турниріне дайындалу қажет, Ұлттар лигасы бұл үшін таптырмас турнир. Ал, Черчесов болса өте тәжірибелі маман. Егер Қазақстан құрамасында мен әліге дейін жұмс істеп келсем, қазіргі дайындық пен нәтиже дәл сондай болатын еді.

Әлем чемпионатының іріктеуіне әлі уақыт бар, келер жылға дейін қазіргі құрамның ойыншылары қандай қалыпта болатыны белгісіз. Сондықтан, дәл осы қиын сәтте команданы келесі жылға дайындап жатыр», - деді Магомед Адиев «Чемпионат» сайтына берген сұхбатында.

Ұлттар лигасының B дивизионында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы тобында соңғы орында тұр. Төрт матч өткізген Черчесов шәкірттері небәрі 1 ұпай жинап, бірде-бір гол соқпаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам