Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Тактиканы өзгертеміз»: Бәрменовқұлов құраманың жеңілісінен кейін қандай жоспарға көшпек?

17.10.2024, 16:52

Ол депутаттардың алдында жаңа жоспарын таныстырды

«Тактиканы өзгертеміз»: Бәрменовқұлов құраманың жеңілісінен кейін қандай жоспарға көшпек?
ktf.kz

Парламент депутаттарымен Мәжілісте кездескен еліміздің футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов «Кәсіпқой спорттағы өзекті мәселелер: әдеп және адал ойын. Спорттағы сыбайлас жемқорлықпен күресу» тақырыбында құрамадағы бірнеше мәселеге қатысты жауап берді.

Ол жеңілістен көз ашпаған ұлттық құраманың ойын тактикасын өзгерту бойынша қандай жоспар құрылғанын айтып берді.

«С лигасындағы жеңіске жеткен кездесулерді Словения мен Аустрияға қарсы ойындарымен салыстыруға келмейді. Біз ойын үлгісін өзгертіп жатырмыз. Өйткені ескі философия шығар шыңына шықты. Мұның барлығы Грекиямен өткен ойында байқалды. Әрі қарай өсім шабуыл арқылы болмақ және осы бағытта жұмыстар басталды. Арсен Венгер жетекшілік ететін U-15 ұлттық академиясын ашып, бірыңғай дайындық стандартын енгіздік. Біздің жасөспірімдер, жастар, ұлттық құрамаларымыз 4-2-3-1 жүйесінде ойнайды, бұл біздің жаңа шабуылдаушы ойын үлгісі»", - деді Әділет Барменқұлов.

Сондай-ақ, ол легионерлерге қойылған шектеу туралы да айтты.

«2019 жылы лимитке шектеу алынып тасталды. Біз тек оның ұғымын өзгерттік, өйткені ЕАЭО елдерінің ойыншылары бұрын легионер болып саналмайтын. Әр клубтағы қазақстандық 13 ойыншы бұрынғыдай қалды. Қазіргі таңда чемпионатта 5-6 футбол клубы жүлделі орынға талас жүргізіп жатыр. Қазақстандық футболшылардың ойын уақыты да ұлғайды. Бәсекелестік артты, мұның барлығы дұрыс менеджменттің арқасы деп санаймын», - деді ол.

Естеріңіздер болса, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйек айынан бері 4 ойын өткізіп, үш рет есе жіберді. Оның ішінде Аустрия құрамасынан 4:0 есебімен ойсырай ұтылса, Словениядан сырт алаңда 3:0, ал Алматыда өткен матчта 1:0 нәтижесімен ұпай жоғалтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам