Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Журналист Михаил Козачков бас бапкер Станислав Черчесовке тек қазақ тілінде сұрақ қоюды ұсынды

17.10.2024, 10:48

Ресейден келген маман қазақ тілін мазақ қылғаны үшін ірі көлемде айыппұл арқалаған

Журналист Михаил Козачков бас бапкер Станислав Черчесовке тек қазақ тілінде сұрақ қоюды ұсынды
коллаж: 1bol.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қатысты дау басылар емес. Ол заңды да. 

Құрама тізгінін ұстаған ресейлік маманның қазақ тілін келеке еткені көпшіліктің ашуын туғызғаны рас. Бұл жолы отандық танымал журналист Михаил Козачков бұдан былай Черчесовке тек қазақ тілінде сұрақ қоюды ұсынды.

«Қазақстанда қазақтың қазақ тілінде қойған сауалына қатысты футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің түсініксіз әрекеті үшін айыппұл салынды. 

Барлық әріптесіме – ресейлік маманның баспасөз конференциясына баратын спорт журналистеріне – алдағы уақытта бас бапкерге тек мемлекеттік тілде сұрақ қоюды ұсынамын», - деп жазды Козачков. 

Бұған дейін федерация оның бұл әрекеті үшін айыппұл арқалағанын алға тартқан. Черчесовтың өзі де тіл мәселесіне келгенде барынша ұқыпты болуға уәде берген-мыс.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам