ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Журналист Станислав Черчесовтың өтірігін әшкереледі

18.10.2024, 12:17

Черчесовтың «талай ұлы бапкерлердің тәрбиесін көргені» жалған болып шықты

Журналист Станислав Черчесовтың өтірігін әшкереледі
әлеуметтік желі

Журналист Сәкен Сыбанбай футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Станислав Черчесовтың біраз уақыт берген сұхбатында жалған ақпарат таратқанын айтып, өтірігін әшкереледі.

«Осыдан біраз жыл бұрынғы бір сұхбатында Станислав Черчесов «Мен футболшы кезімде талай ұлы бапкерлердің тәрбиесін көрдім» дей келе, Бесков, Романцевтермен қатар Валерий Лобановскийдің де атын атапты. «КСРО құрамасында» депті тағы да. Елең ете қалдым. Менде КСРО құрамасының бүкіл ойындар тізімі бар. Ресми, жолдастық кездесулерден бөлек, жай жаттығу ойындарына дейін... Дәптеріме шұқшиып қарасам (ғаламтор арқылы да тексердім), В.Лобановский КСРО құрамасының бас бапкері болып тұрған кезде Станислав Черчесов оның сапында бірде-бір рет ойнамапты. Тіпті оқу-жаттығу жиындарына да шақырылмаған! Демек, құр өтірік мақтан! «Мені Лобановский шақырған, бағалаған» деген секілді жалған, жалаң кеудемсоқтық... Дасаев пен Чанов барда, Лобановский мұны неғылсын...», - деп жазды Сәкен Сыбанбай.

Сондай-ақ журналист Черчесовтың қақпада тұрып, жеңілген сәтін еске алды.

«Черчесов «Спартакта» 4 жыл Ринат Дасаевтың көлеңкесінде алаң жиегін күзетіп қана отырды. Жылына тек 2-3 ойынға ғана қатысатын. 1987 жылы Дасаев аздап жарақаттанып қалып, Вильнюстегі «Жальгириспен» ойында қақпада Черчесов тұрды (22.06.1987). Есеп 5:2! «Жальгирис» «Спартактың» тас-талқанын шығарды. Черчесов масқара болды. Ол тек Бесков пен Дасаев кеткен соң ғана, 1989 жылы «Спартактың» негізгі қақпашысына айналды...  Ал КСРО құрамасына 1990 жылдың күзінде, яғни Лобановский кетіп, оның орнына Анатолий Бышовец келген соң ғана шақырылды...», - деп жазды журналист.

Айта кетейік, Станислав Черчесовтың ойыншы кезінде алаңдағы қателігі туралы бейнежазба жанкүйерлердің қызу талқысына түскен. Кезінде "Спартак", "Локомотив", "Динамо", "Троль" клубтарында қақпашы болған Черчесов кезекті матч кезінде айып алаңына келген допты күтіп алу барысында оңбай қателікке ұрынады. Ол допты аяқпен тоқтатып, бірнеше рет ауада көтере теуіп, алаңның ортасына асырмақ болғанда шабуылшының бірі допты қақпаға дәл соғып кеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам