Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

ҚФФ Какамен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзартты

19.10.2024, 10:33

Пауло Рикардо Кака: 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін бар күшімізді саламыз

ҚФФ Какамен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзартты
ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Какамен серіктестікті әрі қарай жалғастырады.

Жаңа келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін созылады.

«Өзбекстанда өткен әлем чемпионаты біздің команданың кез келген қарсыласқа қабілетті екенін көрсетті. Турнирдегі сәтті өнерінің арқасында біздің команда әлемнің үздік бестігіне енді. Сондай-ақ, дүбірлі дода жастарымыздың әлеуеті зор екенін көрсетті. Бұл елімізде футзалдың дұрыс дамып келе жатқанын көрсетеді. Бас бапкер Пауло Рикардо Кака мырзаның қосқан үлесі зор. Алда Литва мен Латвияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі. Біздің міндет – Еуроның финалдық кезеңіне шығу. Кака бапкердің басшылығымен біздің жігіттер осы мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін салатынына күмәнім жоқ», – деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

Пауло Рикардо Кака алға жоғары мақсат қойғанын атап өтті.

«Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан футзал қауымдастығына қолдау көрсетіп, сенім артқаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстан құрамасы тек ең жоғары мақсатты алға қояды. Біз 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін бар күшімізді саламыз», – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака.

Еске сала кетейік, Пауло Рикардо Кака Қазақстан құрамасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен біздің құрама 2021 жылғы әлем чемпионатында төртінші орын алды, бұл әлем чемпионаттарына қатысу тарихындағы ең үздік жетістік. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы алғаш рет УЕФА рейтингінде екінші, ФИФА рейтингінде бесінші орынға көтерілді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам