Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Алтын белгімен» оқысам да, мектепті үштікке бітірген күйеуімнің есебінен күн көріп жүрмін – Оразовтың әйелі

11.12.2023, 14:18

Футзалшы келіншегіне күлкімен жауап берді

«Алтын белгімен» оқысам да, мектепті үштікке бітірген күйеуімнің есебінен күн көріп жүрмін – Оразовтың әйелі
kff.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасының және алматылық «Қайраттың» ойыншысы Біржан Оразовтың әйелі Айкерім Ерболатқызы күйеуінің мектепті нашар оқығанын айтып әзілдеді.

Instagram-парақшасында жазба қалдырған Айкерім өзінің мектепті де, университетті де өте жоғары бағамен бітіргенін айтады.

«Қалайша мен мектепті «Алтын белгімен», университетті қызыл дипломмен бітіре тұра, докторантурада оқып, мектепті үштікпен оқыған күйеуімнің есебінен өмір сүріп жүрмін? Ол ҰБТ-ны да дұрыстап тапсыра алмаған. Бірақ, мен бәрібір жоғары білімнің жағындамын», - деп әзілдеді спортшының келіншегі.

Айта кетейік, 29 жастағы Оразов 2017 жылдан бері «Қайраттың» намысын қорғап келеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам