Бразилиялық шабуылшы хет-трик авторы атанды
Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында дортмундтық «Боруссияны» 5:2 есебімен жеңген мадридтік «Реальдың» бас бапкері Винисиус Жуниордың талантына тәнті екенін жасырған жоқ.
Айта кетейік, бірінші таймнан кейін 0:2 есебімен жеңіліп тұрған корольдік клуб екінші таймда қарсылас қақпасына жауапсыз бес гол соғып, ерекше камбэк жасады. Ал, Винисиус болса хет-трик авторы атанып отыр.
«Менің ойымша, Винисиус биыл «Алтын допты» алады. Сөзсіз алады. Мәселе тек бүгінгі ойында емес. Мәселе оның өткен маусымда көрсеткен өнері. Ал, бүгінгі хет-трик оған тек көмегін тигізеді», - деді Анчелотти ойыннан кейін.
Матчтан кейін Жуниордың өзі де журналистермен сұхбаттасып, бірінші таймнан кейінгі үзілісте Анчелоттидің ойыншылармен не сөйлескенін айтып берлді.
«Біз киім ауыстыру бөлмесіне кіргенде тып-тыныш мистерді (Анчелоттиді – авт) тыңдадық. Ол көп сөйлеген жоқ, егер қазір алаңға шығып бірінші болып гол соқсақ, ары қарай жеңіп кетуімізге болады деді. Біз солай істедік. Бар күшімізді салдық. Бірақ, біз ойынымызды жетілдіруіміз керек, бірінші таймнан бастап дәл осылай ойнамасақ мистердің жүрегі шыдамайды», - деді Винисиус.