ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Пауло Рикардо Кака II дә­режелі «Достық» орденімен марапатталды

24.10.2024, 15:23

Аталмыш марапат елімізде спортты дамытуға және оны нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді

Пауло Рикардо Кака II дә­режелі «Достық» орденімен марапатталды
ҚФФ

Республика күні қарсаңында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака II дә­режелі «Достық» орденімен марапатталды.

Құрметті атақ Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде спортты дамытуға және оны нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді. Бас бапкерге марапатты ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев табыс етті.

Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Какамен серіктестікті әрі қарай жалғастырады.

Жаңа келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін созылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам