Олардың бірі ҚПЛ-де мүлдем ойнамаған
Футболдан ел чемпионатының Бірінші лига турнирі мәресіне жетті. Биыл бұл дивизионда көкшетаулық «Оқжетпес» жеңімпаз атанып отыр.
Турнирдегі соңғы матчты көкшетаулықтар өз алаңында Қызылорданың «Қайсар-Жас» командасына қарсы өткізіп, 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша «Оқжетпес» Бірінші лиганың чемпионы болумен қатар, Премьер-лигаға тікелей жолдама алып отыр.
Сонымен қатар, турнир кестесінің екінші сатысына жайғасқан Жезқазғанның «Ұлытауы» да келесі маусымда ҚПЛ-де доп тебеді. Аталған команда бұрын-соңды Премьер-лигада ойнап көрмеген.
Ақтаулық «Каспий» клубы жарыстың қола жүлдегері атанды. Команда келер жылы ҚПЛ жолдамасы үшін қайта талас жүргізеді.
Түркістан облысының «Арыс» футбол клубы болса соңғы орын алып, Екінші лигаға төмендеді.
Біздің серіктес: FONBET