Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Түркиялық «Анкарагюджю» клубының президенті FIFA төрешісін ұрып құлатты (ВИДЕО)

12.12.2023, 09:30

Клубты УЕФА жазалауы мүмкін

Түркиялық «Анкарагюджю» клубының президенті FIFA төрешісін ұрып құлатты (ВИДЕО)
скрин

Футболдан Түркия суперлигасының кезекті туры аясында «Анкарагюджю» өз алаңында «Ризеспорды» қабылдап, ойын соңы төбелеске ұласты.

Аталған матч 1:1 есебімен аяқталды. Төреші Халил Умут Мелер алаң иелерінің 10-минутта соққан голын есепке алмаса, 50-минутта «Анкарагюджю» шабуылшысы Али Соуды алаңнан қуды. 

Ал, 97-минутта «Ризеспор» есепті теңестіргенде анкаралық клуб басшыларының шыдамы шектен шықты. «Анкарагюджю» президенті Фарук Кок төреші ысқырығынан кейін алаңға жүгіріп шығып, оны ұрып құлатқан. Артынша клубтың өзге өкілдері жерде жатқан судьяны теуіп кетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт