Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Қазақ жігіті футболдан Беларусь құрамасын жақттықтыратын болды

12.12.2023, 09:44

Ол «Оле Бразил ФК» футбол академиясының түлегі

Қазақ жігіті футболдан Беларусь құрамасын жақттықтыратын болды
instagram.com/_valiente_1978

29 жастағы Фархат Жәнібеков футболдан Беларусь құрамасының бапкерлер қатарында жұмыс істейтін болды. Бұл туралы жас маманның өзі Instagram әлеуметтік желісінде жазды.

«Тамызда маған Карлос Алос жаттықтыратын футболдан Беларусь Республикасы құрамасы бапкерлер құрамының мүшесі болу ұсынысы түсті. Осы шақырту үшін, маған артылған сенім үшін және маған жаңа деңгейге көтерілуге берілген мүмкіндік үшін алғыс айтқым келеді. Маған осындай бапкерлік ұжымның бір мүшесі болу үлкен мәртебе және мен наурызда басталатын оқу-жаттығу жиындарын асыға күтемін. Біздің бірігіп атқарған жұмысымыз нәтижелі боларына сенімдімін», - деп жазды ол.

Айта кету керек, Жәнібеков «Оле Бразил ФК» футбол академиясында тәлім алған. 2012-2013 жылдары «Бәйтерек» футбол клубында ойнады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам