Ол жаттықтыратын команда маңызды матчтарда ұпай жоғалтты
Футболдан ел чемпионы «Ордабасы» клубы қатарынан екі матчта жеңілгеннен кейін турнир кестесінде екінші орынға сырғыды. Тиісінше, чемпиондық атағын сақтап қалуы да екіталай.
Соңғы матчты «Ордабасы» өз алаңында ҚПЛ аутсайдері «Жеңіске» қарсы өткізіп, 1:2 есебімен жол берді. Маңызды ойында ұпай жоғалтқаннан кейін клубтың бас бапкері отставкаға кетуге бекініпті. Meta-ratings.kz сайтының жазуынша, маман арызын да жазып қойған.
Кекер «Ордабасыға» қысқа мерзімге ғана келген болатын. Ол маусым ортасында Александр Седневті алмастырған.
Шымкенттік клуб бұған дейін сырт алаңда «Тобылдан» жеңілген. Ал, оған дейін өз алаңында басты қарсыласы – «Астанаға» есе жіберді. Осылайша чемпиондыққа таласу мүмкіндігі барынша төмендеп кетті. Биыл бұл титулға «Қайрат» пен «Астана» таласпақ.