«Реал Мадрид» клубының өкілдері Париждегі мараппатау рәсіміне бармай қалған
Танымал италиялық футбол инсайдері Фабрицио Романо «Реал Мадрид» көшбасшысы Винисиус Жуниор «Алтын доп» алмайтынын жазды.
«Реал Мадрид» клубының өкілдері осы жаңалықты естіп, Париждегі мараппатау рәсіміне бармай қалған.
«Басты үміткер болған Винисиус та жоқ. Анчелотти, Беллингем мен клуб президенті Флорентино Перес те бармайды», - дейді Фабрицио Романо.
Есесіне, жарақатын емдеп жатқан испаниялық Родри Парижге жеткен. Романоның сөзіңше, «Алтын доп» «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысына бұйырады.