Билікте футболды дамытуға қарсы топ жұмыс істейді. "Қайрат" ішкі конкуренцияны өлтіріп тастаған

«Легионерлерді қолдау қорына айналды». Әкім «Шахтер» клубын сынады

04.11.2024, 15:15

Әкім «Шахтердің» келесі маусымда Премьер-лига құрамына оралуын талап етті

«Легионерлерді қолдау қорына айналды». Әкім «Шахтер» клубын сынады
shakhter.kz

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Шахтер» клубының басқару моделін сынға алды. Өңір басшысы «Шахтер» клубының ҚПЛ турнирлік кестесінде соңғы орында тұрғанына ашуланған. Бұл дегеніміз «кеншілер» Премьер-лигадан шығып, Бірінші лига деңгейіне түсуі әбден мүмкін дегенді аңғартады.

«Бұл – өңірлік футбол саясатында жүйелі түрде орын алған олқылықтардың нәтижесі. Өкінішке қарай, клубтың ұзақ мерзімді дамыту межесі, маркетингтік стратегиясы. Футболшыларды іріктеу жүйесі сын көтермейді. 25 футболшының 12-сі – легионер. Жалпы алғанда, клуб шетелдік легионерлерді қолдау қорына айналды. Тұрақты қаржылық модель жасалмаған», - деді әкім.

Тығырықтан шығу жолы ретінде Ермағанбет Бөлекпаев бірқатар шұғыл және стратегиялық шараларды қабылдау қажеттігін мәлімдеді. Оның ішінде басқару тәсілдер мен кадрлық құрамды қайта қарау – кезек күттірмейтін мәселе. Бір айдың ішінде клубтың стратегиясын әзірлеу керек, оның аясында футбол инфрақұрылымын дамыту жоспарын ескеру қажет.

Сондай-ақ облыс әкімі балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, отандық мамандарды даярлауға қатысты тапсырмалар берді. Оның сөзінше, алдымен өңірлік ДСК-лар негізінде «Шахтер» футбол клубының филиалдарын ашу қажет. Бұл клуб академиясына іріктеу үшін селекциялық жүйе құруға мүмкіндік береді. Екіншіден, жергілікті жас дарындарға жол ашу мақсатында келесі жылы балалар мен жасөспірімдер командалары арасында футбол турнирін ұйымдастыруды тапсырды.

«Мемлекет басшысы кәсіби және бұқаралық спортты дамыту бойынша бірқатар міндеттерді айқындап берді. Осыған байланысты жоғары білікті мамандарды даярлау қажет. Облыста балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша футбол орталығы мен академияның жұмысын күшейту қажет. Балалар жаттықтырушыларын оқытуды, оның ішінде оларды шетелде оқыту мүмкіндіктерін қарастыру керек», – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Әкім «Шахтердің» келесі маусымда Премьер-лига құрамына оралуын басты мақсат етіп тапсырды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам