Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Черчесов сияқты емес»: МЮ-дің жаңа бапкері ағылшын тілін білмегені үшін кешірім сұрады (ВИДЕО)

08.11.2024, 09:43

Қазақстанның бас бапкері ұялудың орнына, тілді мазақ еткені есте

«Черчесов сияқты емес»: МЮ-дің жаңа бапкері ағылшын тілін білмегені үшін кешірім сұрады (ВИДЕО)
Getty Images

Англияның «Манчестер Юнайтед» клубына жаңа бас бапкер болып португалдық маман Рубен Аморим тағайындалғаны белгілі. Әлеуметтік желіде оның ағылшын журналисімен тіл тұрғысында болған диалогы тарап кетті.

Журналист Аморимнен ағылшынша сөйлеуін сұрайды. Португалдық маманның жүзінен ұялғанын аңғару қиын емес. Ол кешірім сұрап, алдағы уақытта міндетті түрде ағылшынша сөйлесуге уәде береді.

– Біз нені сағынып жүргенімізді білесіз бе?
– Нені?
– Сіздің керемет ағылшыншаңызды.
– Кешіріңіз…
– Сізден бір ауыз ағылшын тілінде жауап ала аламыз ба?
– Кешіріңіз, мен қазір ағылшынша сөйлей алмаймын.
– Не үшін?
– Кешіріңіз.

Португалдық маманның аудармашысы журналиске оның алдағы уақытта міндетті түрде ағылшын тілінде сөйлейтініне уәде берді.

Айта кетейік, дәл осыған ұқсас жайт Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің де басынан бір емес, екі рет өткен еді. Алайда, ресейлік маман қазақша сұрақ қойған журналистерге ұрысып, қазақ тілін мазақ қылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам