ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті қызметінен кетті

08.11.2024, 15:33

Ол ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған

Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті қызметінен кетті
kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті. Бұл туралы Meta-ratings.kz жазды.

Бүгін федерацияда кезектен тыс жиын өтіп, Барменқұлов орнынан кететінін айтқан.

Әділет Барменқұлов ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған еді. Ол Әділбек Жақсыбековті алмастырған болатын.
 
Экс-президенттің тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға сәл жақын қалды. Алайда, шешуші сәтте Адиев жаттықтырған құрама Словенияға есе жіберді. Кейін қосымша ойында Грекияға жол берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам