Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Барменқұловтың кетуі «Астана» мен «Қайраттың» чемпиондығына әсер етеді

09.11.2024, 10:28

ҚПЛ чемпионы соңғы турда анықталады

Барменқұловтың кетуі «Астана» мен «Қайраттың» чемпиондығына әсер етеді
Қазақстан футбол федерациясы

«Серый Кардинал» Telegram арнасы ҚФФ президенті болған Әділет Барменқұловтың қызметінен кетуі Премьер-лиганың соңғы турына қалай әсер ететіне қатысты пікір білдірді.

10 қарашада Қазақстанның жаңа чемпионы анықталады. «Қайрат» «Атырауға» қонаққа барса, «Астана» Алматыда «Жетісумен» ойнайды.

«ҚФФ президенті Әділет Барменқұловтың қызметінке кетуі ҚПЛ-дың соңғы туры алдындағы карталарды шатастырды. Кеше ғана бір команданың Қазақстан чемпионы атану мүмкіндігіне еш күмән жоқ еді. Бірақ федерация басшысының отставкаға кетуі жағдайды өзгертті. Енді мүмкіндіктер азды-көпті теңесті. Мұндай жағдайда төрешілер бұйрықтарды орындауға кіріседі деп ойламаймыз. Олар да адам, жағдайды көріп отыр. Күні кешеге дейін бұйрық болса да, енді «қара киім кигендердің» орындауға жүгіретініне үлкен күмән бар.

Мен таза жанкүйер ретінде «алтын матчты» қалаймын, бірақ бәрі қалай болатынын жексенбіде білетін боламыз», - дейді автор.

«Aladop» Telegram-каналы федерацияның жаңа басшысын сайлауға Әділбек Жақсыбековтің қатысатынын жазған. Ол бұған дейін де ұзақ жылдар ҚФФ президенті болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам