Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Бәрменқұловқа не болғанын білмеймін, Черчесов қызметінде қалуы тиіс – Магомед Адиев

09.11.2024, 10:01

ҚФФ-ға жаңа президент әлі сайланған жоқ

Бәрменқұловқа не болғанын білмеймін, Черчесов қызметінде қалуы тиіс – Магомед Адиев
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев ҚФФ-да болған ауыс-түйіске қатысты өз ойын білдірді. «ВсеПроСпорт» сайтына сұхбат берген шешен маманы ізбасары Станислав Черчесовке қатысты да пікірін айтқан.

Есте болса, 8 қарашада Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов өзінің отставкаға кеткенін мәлімдеген болатын. Бұған нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Десе де, соңғы бір аптада Сенат және Мәжіліс депутаттары «қазақ футболы былыққа батты» деп премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдаған.

Ал, Бәрменқұлов тағайындаған Қазақстанның бас бапкері Станислав Черчесов өз лауазымын сақтап қала ма?

«Шынымды айтсам, Бәрменқұловтың мұндай қадамға не үшін барғанын білмеймін, жаңалықты өзім БАҚ-тан оқыдым. Ал, Черчесовке бұл қалай әсер етеді деп ойлайсыздар ма? Бұл енді ҚФФ басшылығына кім келеді, соған байланысты. Қалай болғанда да, Станислав Саламұлында контракт бар. Менің ойымша, ол жұмысын одан әрі жалғастыра береді. Бастысы, Ұлттар лигасы аясында өтетін алдағы ойындарда Қазақстан құрамасында оң нәтиже болса екен деп тілеймін», - деді Адиев.

Еске салайық, 14 қарашада Қазақстан құрамасы Аустрияны өз алаңында қабылдаса, 17 қарашада Норвегиямен сырт алаңда ойнайды.

Әзірге Черчесов жаттықтыратын біздің команда Ұлттар лигасында бір ұпаймен кестенің соңғы сатысында келеді. 4 матч өткізіп, бірде-бір гол соға алған жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам