Ол 2016-2018 жылдар аралығында «Қайрат» сапында ойнап, 30 гол соққан
Футболдан Ресей құрамасы мен лондондық «Арсенал» клубының ойыншысы болған әйгілі Андрей Аршавин алматылық «Қайратты» Қазақстан чемпионы атануымен құттықтады.
Айта кетейік, ҚПЛ-дың биылғы маусымы интригаға толы болды. Ел чемпионы тек соңғы турда ғана анықталды. Шешуші матчта «Қайрат» сырт алаңда «Атырауды» 1:0 есебімен жеңіп, басты қарсыласы – «Астанадан» небәрі бір ұпай айырмасымен алға шықты.
Жалпы, «Қайрат» тәуелсіз Қазақстан тарихында төрт рет чемпион болған. Соңғы рет алматылық клуб 2020 жылы ҚПЛ жеңімпазы атанған еді.
«Сәлем, «Қайрат». Клубтың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында жеткен жетістікпен сендерді құттықтаймын. Дәл мұның жанкүйерлер үшін, ойыншылар мен клуб басшылығы үшін қаншалықты маңызды екенін мен жақсы білемін. Сендер жарадыңдар! Мен сондай-ақ, осы чемпиондық маусымда доп тепкеніме қуаныштымын. Бұдан кейін де тек алға жылжып, келер жылғы еурокубокте сәтті өнер көрсетуді тілеймін. Сендерді чемпиондықпен құттықтаймын. Алға, «Қайрат», - деп айтты ол өзінің видеоүндеуінде.
Айта кетейік, Андрей Аршавин «Қайрат» сапында 2016-2018 жылдар аралығында ойнады. Осы аралықта ол 108 матч өткізіп, 30 гол соқты және 37 нәтижелі пас берді.