Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Магомед Адиев Черчесовтің сөзіне ренжіп, оны ауыр сынап тастады

19.11.2024, 04:03

Ол Қазақстанның қазіргі бапкеріне сөзден іске көшуге кеңес берді.

Магомед Адиев Черчесовтің сөзіне ренжіп, оны ауыр сынап тастады
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасындағы масқараға көптеген фактордың себеп болғанын айтқан еді. Тіпті, «маған дейін команда қараусыз қалған ұжымдай еді, мен келіп реттеп жатырмын» деуден де тайынбады. Мұндай сөзді ол Норвегимен болған матчтан кейін айтқан болатын. Аталған ойынды Черчесов шәкірттері 0:5 есебімен ойсырай жеңілген болатын.

Станислав Черчесовтың осынау сөзі Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері Магомед Адиевке ауыр тиіп кетті. Мұны ол РИА Новостиге берген сұхбатында жасырған жоқ.

«Қазақстан құрамасы Черчесов келгелі бірде-бір гол соға алған жоқ. Бұл әрине, өкінішті жайт. Ол бапкер болып келгенде көп үміт күттірген, яғни нәтижесі менің нәтижемнен жақсы болады деп сенді. Алайда, жанкүйерлердің бұл үміті ақталған жоқ. Түсінемін, қарсыластары мықты болды. Бірақ, мықты қарсыласпен ойнайтын кезде жақсы ойын тәсілін ойлап табуың керек. Олай болған жоқ. Мен бас бапкер болған кезде де Қазақстан құрамасы Еуропаның мықты құрамалары ұтқан болатын.

Мен Станислав Саламұлын құрметтеймін. Бірақ, оның қараусыз қалған команда туралы айтқан сөзі менің көңіліме тиіп кетті. Оның пікірінше, мен және федерация ол келгенге дейін мүлдем жұмыс істемегенбіз ғой?! Әрине, бұл оның жеке пікірі. Бірақ, біз Әділет Бәрменқұловпен бірге соңғы екі жылда айтарлықтай жақсы нәтиже көрсеттік.

Қалай болғанда да, мен Қазақстан құрамасына бұдан кейін де жанкүйер боламын. Черчесов сөзден іске көшіп, тезірек команданы жеңістерге жетелесе екен деп тілеймін. Егер оның жетістігі менің жетістіктерімнен асып түссе мен тек қана қуанамын», - деді Адиев.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында алты матч өткізіп, оның бесеуінде жеңілді және бірінде тең ойнады. Черчесов шәкірттері осы алты ойында өз қақпасына 15 гол жіберіп, қарсылас қақпасына бірде-бір гол соқпаған. Сондай-ақ, алты матчта қақпаға небәрі алты соққы бағыттап, Ұлттар лигасындағы антирекордты орнатты.

Енді келесі маусымда Қазақстан құрамасы C дивизионында өнер көрсетеді. Магомед Адиев жаттықтырған екі жылда біздің ұлттық құрама осы дивизионда топ жарып, B-дивизионына көтерілген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам