ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

«Ордабасыға» биыл 6,3 млрд теңге жұмсадық – Шымкент әкімі клубтағы былықтарды айтты

22.11.2024, 16:46

Клубтан 16 футболшы кетіп қалды

«Ордабасыға» биыл 6,3 млрд теңге жұмсадық – Шымкент әкімі клубтағы былықтарды айтты
Шымкент қалалық әкімдігі

Шымкент қаласының әкімдігі биыл «Ордабасы» клубын ұстап тұру үшін 5,3 млрд теңге жұмсаған. Сондай-ақ, бұл қаражат жетпей, демеушілер есебінен тағы 1 млрд теңге тауып берген. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ брифингінде айтты.

Қала басшысы келер жылдан бастап клубтың бюджетін бірнеше есеге қысқартатынын да айтты. Тиісінше, легионер саны азаяды.

«Мен жалпы қалаға басшы болып келген уақытта біршама қарызы болған. Сол кезде команда ойынын жалғастыра ма, айлықтарын ала ма деген мәселелер бар еді. Солардың бәрін қолға алып, қарызды жабуға тура келді. «Ордабасының» бұрынғы басшылығы тұсында жасалған келісімшарттар болды. Клубтың премьер-лигада өнер көрсететін шығындары бар. Нақтырақ айтқанда «Ордабасы» ойыншыларына басқа клубтармен салыстырғанда жоғары айлық қойылған. Әрбір келісімшарт УЕФА-ға тіркеледі. Оны біржақты бұзуға болмайды. Соның бәрін реттедік. Бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлдік. Кәсіпкерлер 1 миллиард теңге берді. Енді 16 футболшымен қоштасамыз. Келісімшарттары аяқталды. Келесі жылы басқа өңірлердегідей 1,2 миллиард теңге ғана қаржы береміз», - дейді Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетейік, бұған дейін «Ордабасыдан» ақпашы Сергей Игнатович, қорғаушылар Игорь Пластун мен Режиналдо, жартылай қорғаушылар Ловро Цвек пен Айбол Әбікен және шабуылшы Артем Беседин кеткен еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам