Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды

23.11.2024, 13:36

Ол «Қайрат» сапында 2015-2016 жылдары ойнаған

Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды
Қайрат ФК

Украина президенті Владимир Зеленский «Зенит» бапкері Анатолий Тимощукты мемлекеттік наградаларынан айыру туралы жарлыққа қол қойды.

Жалпы, атақ-дәрежесінен айрылғандар қатарында Тимощуктен бөлек, тағы 33 адам бар. Олардың бәрі Ресей мен Украина соғысып жатқанда, отанына опасыздық жасаған, сатқын деп танылған.

Осылайша Украинада футболшы барлық мемлекеттік наградасынан айрылды. Сондай-ақ, ел ішінде жеңіп алған титулдарынан қағылды. Өмір бойына Украина аумағында футбол саласында жұмыс істей алмайды. 

Анатолий Тимощук Украина құрамасы сапында 144 матч өткізіп, 4 гол соққан. Бұл көрсеткіш бойынша ол рекордсмен саналады. 

Футболшы осы жайттан кейін Спорттық арбитражды сотқа (CAS) шағым түсірген болатын. CAS оның шағымын қанағаттандырған. Украина билігінің бұлай қатаң шешім қабылдауына негіз жоқ деп санайды.

Бірақ Украина билігі олай ойламайды. 2022 жылы Ресей басқыншылары кіріп келгенде, Тимощук Санкт-Петербургте қалып қойған. Сонымен қатар, бұл соғыста Украинаны қолдамаған.

Еске сала кетейік, Анатолий Тимощуктың футболшы мансабындағы соңғы клубы Алматының «Қайрат» командасы болатын. Оны Қазақстанға Қайрат Боранбаев алдырған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам