Ол матчтағы ең пайдалы үш ойыншының бірі атанып отыр
Ресей Премьер-лигасының 16-турында питерлік «Зенит» сырт алаңда «Оренбургпен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
90 минут бойы қос команда есеп аша алмаған. Іш пыстырған ойынның соңында ғана қонақтар жеңіс голын соғып, маңызды үш ұпаймен үйіне оралды. Жеңіс голын төреші қосқан қосымша минутта Александр Ерохин соқса (90+6 минутта), оған нәтижелі пасты Нұралы Әліп шығарды.
Осылайша қазақстандық футболшы аталған матчтағы ең пайдалы үш ойыншының бірі атанып отыр. Flashscore порталы оған және тағы ойыншыға (Ерохин мен Клаудиньо) 7,7 балл берді.
«Зенит» қатарынан алты матчта жеңіске жеткеннен кейін турнир кестесінің көшін батсаған. Питерліктердің еншісінде 39 ұпай бар. Оларды 37 ұпай жинаған «Краснодар» өкшелеп келеді. Ал, «Оренбург» болса РПЛ-дың аутсайдері, небәрі сегіз ұпайы бар орынборлықтар кестенің соңғы сатысында.