ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

«Каспий» ФК экс-басшысы 27 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

04.12.2024, 09:44

Олар қоластындағы қызметкерлерін қорқыту арқылы құжаттарды өзгерткен

«Каспий» ФК экс-басшысы 27 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды
Каспий ФК

Прокуратура маңғыстаулық «Каспий» футбол клубының бұрынғы басшыларын ұстады. Оларға аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, күдікті өзінің таныстарымен бірігіп, оқу-жаттығу жиындарына бөлінген қаражаттан 27 млгн теңгені қалтасына басқан.

«Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды. Сонымен қатар, соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген», - делінген аталған хабарламада.

Осылайша, «Каспий» клубының бұрынғы басшысы мен оған көмектесті деген тағы екі азамат қамауға алынған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам